Жаңалықтар

Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясының өкілдерімен кездесті

Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясының өкілдерімен кездесті
Фото: ҰОК 28.09.2024 06:27 453

Ұлттық олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің Қазақстан бокс федерациясының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий Головкин Франция астанасы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет Қазақстан құрмасының бапкерлер штабымен кездесті. Кездесуге бас хатшы Әлімжан Ақаев, ҚБФ басшысы Шахмұрат Мүтәліп, атқарушы директор Рауан Игенев, сондай-ақ, ерлер командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен Асқар Еркебаев қатысты.

ҰОК мәліметінше, Геннадий Головкин 2024 жылғы Олимпиадаға қатысқан боксшылардың қазіргі жағдайынан хабар алды. Сондай-ақ, бапкерлер өз кезегінде алдағы турнирлер қарсаңында жаттығу жиыны өтіп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир мен Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Қайрат Сәтжанов пен Асқар Еркебаевтың айтуынша, бұл жарыстардың қорытындысы команданы жасақтауға тікелей әсер етеді. Одан бөлек, мамандар құрамадағы қазіргі жағдайды баяндап, боксшылардың тынымсыз еңбекке дайын екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға