Жаңалықтар

Геннадий Головкин елге оралды

Геннадий Головкин елге оралды
Фото: instagram.com/sultanzaurbek 25.07.2023 09:41 912

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тағы бір қазақ боксшысы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 10 KO), әлеуметтік желіде жазды. Ол Instagram-да GGG-мен түскен суретін жариялап:

Елге Гена ағамызбен қайттық. Жекпе-жегіңді көрдім дегенінің өзі қуаныш болды, - деп жазды.

Оқи отырыңыз:

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑺𝑼𝑳𝑻𝑨𝑵 𝒁𝑨𝑼𝑹𝑩𝑬𝑲 (@sultanzaurbek)

41 жастағы Головкин әзірге болашағына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бастап шаршы алаңға шыққан жоқ. Сол кезде мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (59-2-2, 39 КО) есе жіберген. Ал биыл ол орта салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.

Зауырбек 21 шілде күні Шотландияның Эдинбург қаласында испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға