Жаңалықтар

Геннадий Головкиннің өмірлік ұстанымдары

Мен әкем үшін бокстасамын. Бұл менің оған деген құрметім
Геннадий Головкиннің өмірлік ұстанымдары
05.04.2017 12:03 36409
  • Өмірлік ұстанымдарым - әлеуметтік желілерде пікір айта бермеу. 

  • Менің ешқашан «көкем» болған емес. Барлығына өз еңбегіммен қол жеткіздім.

  • Мен әкем үшін бокстасамын. Бұл менің оған деген құрметім.

  • Бокс – менің өмірім. Мен өз отбасымды қорғаймын.

  • Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын.

  • Жігіттер, әзірге менің бокстасуға шамам жетеді. Өзімді шаршы алаңда жақсы сезінемін. Ал бірақ қанша жасқа дейін жүретінімді білмеймін, Барлығы жағдайға байланысты. Сөзсіз бокс өте қауіпті спорт. Егер дәуренімнің өтіп бара жатқанын сезсем, сол кезде бірден карьерамды аяқтайтыныма сөз беремін.

  • Қарағанды – өте қауіпті қала. Мен достарыммен бірге футбол көруге, ойнауға стадионға барамын. Барған сайын төбелесіп қайтамын. Егер басқа  көшеден болса, міндетті түрде төбелесуіңе тура келеді. Әсіресе, біздің бала кезіміз – 90-жылдар қиын болды. Сондықтан көшеде кімнің мықты екенін дәлелдеу үшін өсу керек болды.

  • Мен ең алғашқы кездесуімде  ұтылдым. Ол кезде бокспен айналысқаныма бір-ақ ай болған еді. Төрешілер жеңісті қарсыласыма берді. Осыдан кейін дайындықты үдету керек екенін түсіндім.

  • Менің әкем – кенші.  Өмірінің отыз жылдан астамын осы салаға арнады. Осыған әрдайым таңғалумен боламын. Қалай күн сайын шахтаға түседі? Осынша шыдамдылық, денсаулық, еңбек, жердің сонау түбіндегі қысымға шыдауды ерлік деп білемін. Әкем ешқашан ауырған емес. Ол өмірінің соңғы күнінде досымен әңгімелесуге сыртқа шыққан. Сол кезде жүрегі тоқтап қалыпты.

  • Мен де Мейвезер сияқты бокстаса аламын. Ол сияқты аз соққы жіберіп, қорғаныста ойнауыма болады. Бірақ, көрермендерге қызық емес. Мен өз жекпе-жегімнен ләззат алғанды жақсы көремін.

  • Менің отаным әрқашанда Қазақстан болып қала бермек. Өзге мемлекеттерде өмір сүруім менің жұмысыма, бокстағы карьерама байланысты. Әрқашан өз елімнің атынан өнер көрсетемін. Ата-анам, туған-туыстарымның барлығы Қазақстанда. Басқа елдің азаматтығын ешқашан алмаймын. Әрдайым кез келген жерде өзімді «қазақстандықпын» деп таныстырамын.

  • Бүгінде Қазақстан – әлемдік бокстың көшбасшыларының бірі, бірақ әуесқой бокста. Өз жерімізде біз Олимпиада жеңімпаздары мен әлем чемпиондарын жақсы танимыз, құрметтейміз, атын асқақтатамыз. Алайда әлемдік аренада мүлдем басқаша. Олимпиада чемпиондарын білетіндер аз ғана. Бірақ бәрі де Мэнни Пакьяо, Флойд Мэйуэзер, Майк Тайсон, Мұхаммед Әли сынды боксшыларды жақсы біледі.

  • Балалардың менің үлгіммен спортпен айналысып жатқаны қатты қуантады. Мақсат қою мен оған жету бір мәселе де, залға баратындары тіпті жақсы. Тәртіп дегеніміз біреу, ол қажырлы еңбек. Яғни адамның мүмкіндігі көп деп есептеймін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға