Жаңалықтар

Генерал-лейтенант Сорокин Александр Николаевич

Қарулы күштердің ардақты зейнеткері
Генерал-лейтенант Сорокин Александр Николаевич
06.05.2017 09:22 5862

1954-ші жылы 22-ші сәуірде Ресейдің Амур облысында дүниеге келген. 1975-ші жылы Харьков жоғары әскери авиация училищесін, 1992-ші жылы Гагарин атындағы академияны бітірген. Әскери қызметін ұшқыш, аға ұшқыштан бастап ұшқыштар полкі командиріне дейінгі аралықтағы лауазымдардың барлығын атқарған. Авиациялық база командирі болған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымдардын ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарған. 2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Қазіргі кезде Александр Николаевич қарулы күштердің ардақты зейнеткерлері қатарында.

XX-сыншы ғасыр ғылым мен техниканың өркендеу дәуірі болды. Мамандардың пайымдауынша адам қолымен жасалған небір ақылға сенгісіз жаңалықтардың көпшілігі қару-жарақ жасау саласында екен. Бұнымен таласы қиын. Әскери авиация соның дәлелі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары жасалған ұшақтар темір емес, ағаштан болған. Араға небәрі 20-30 жыл салып, дыбыстан жоғары жылдамдығы бар ұшақтар пайда болды. Қазіргі таңда шығып жатқандары тіпті де таң-тамаша етеді. 

Спортшының кәсібилігін анықтайтын нақты көрсеткіш медальдар, кубоктар саны. Ғаламның білімділігін ғылыми атақтары айқындайды. Әскери ұшқыштың негізгі көрсеткіші ұшу сағаттар саны. Неғұрлым көп болса, соғұрлым тәжірбелі саналады. Генерал Сорокин сондай ұшу сағаттар саны мол тәжірбелі мамандар қатарынан саналады. 

Әскери газет тілшілері Талдықорған гарнизонына ііссапармен барғанды жақсы көретінбіз. Бірталай әскери бөлімдер бар. Бастысы - ұшқыштар бар. Дауысы жер жарар ұшақтардың көтерілуі мен қонуы ерекше әсерге бөлейді. Орын алған экономикалық, әлеуметтік – тұрмыстық қиындықтарға қарамастан жауынгерлік дайындық бойынша бөлімде үнемі  ілгерілеу бар. Бөлім командирі де жылы жүзді, журналистерге түсіністікпен қарайтын жан.

Басқалар сияқты емес, кішіпейілдік танытып, «қонақтарын» өзі күтіп алып, өзі шығарып салады. Болашағынан зор үміт күттірген офицер деген баға ойып қайтатынбыз.

Ұлы Женіс күні қарсаңында генерал (ол уақытта полковник) бірнеше соғыс ардагерлерін қабылдады. Сый-құрмет көрсетіп, ақсақалдардың арқаларына шапан жапты. Майдангер белгілі әскери журналист Байзулла Әкежанов, әзілдеп «мынау қазақтың шапанына ұқсамайды ғой» деді. Александра Николаевич: «Ол мүмкін емес, қазақтың шапаны екеніне басыммен жауап беремін, кепілдік бере аламын», - деп ағынан жарылды. Аға ұрпаққа көңілмен құрмет көрсету деген осы болса керек.

Генерал әскер тегінің Бас қолбасшысы, оның орынбасары тәрізді жауапты лауазымдарды атқарған жылдары да, бірнеше рет қызмет бабымен қабылдауында болдық. Басқа да жағдайларда  жиі кездесіп қалып жүрдім. Тіпті, редакция мен ұшқыштар штабы бір шатрыдың астында отырды. Ештеңе өзгермеген. Сол биязы күлкісі, сол сабырлы қалып, сол жарасып тұрған кішіпейілдік. Ашығын айтайын, ашуланған сәтін көрмедім. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға