Газада Израильдің санаулы әскері қалды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
08.04.2024 15:17
741
ЦАХАЛ Газа секторының оңтүстігінен 98-дивизиясын шығарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Палестина анклавын бөлетін Нетарим дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір бригада қалмақ. Бұл дәліз ЦАХАЛ-ға Газа секторының солтүстік және орталық бөліктерінде рейдтер жүргізуге және гуманитарлық ұйымдарға палестиналықтарға көмек жеткізуге мүмкіндік береді.
Еске салайық,2023 жылдың 7 қазанында Симхат Тора мерекесінде Хамас ұйымының содырлары мен палестиналық Исламдық жиһад Израильге күшті зымырандармен атқылап, Израильге басып кіріп, жүздеген тұрғындарды өлтіріп, мыңдаған адамды жарақаттап, ондаған адамды ұрлап кеткен еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды