Газа секторында 67 Қазақстан азаматы бар екені анықталды - СІМ өкілі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
16.10.2023 16:32
3532
Газа секторында 67 қазақстандық азамат бар екені анықталды. Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ 19 Қазақстан азаматы Израильден елге ұшып келген. Ел азаматтарының саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі деректерді анықтау мен жинақтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Израильдегі Қазақстан елшілігі елден ұшуды үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда. Газа секторында 67 Қазақстан азаматы, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, 100-ден астам азамат бар. Отандастарымызбен байланыс үшін өзекті деректер жарияланып отырады,- деді СІМ өкілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"ҚазАвтоЖол" 70 мың жүргізушіге қарызын қайтарып жатыр
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды