Газа секторына жасалған шабуылдардан 50 мыңнан астам адам қаза тапқан

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
25.03.2025 00:18
603
2023 жылдың 7 қазанынан бастап Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 50 021 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып Анадолы агенттігі хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы тәуліктің өзінде ауруханаларға 41 адамның мәйіті мен жарақат алған 61 адам жеткізілген. Олардың 39-ы жаңа әуе шабуылдарының құрбаны болса, тағы екі адамның денесі қирандылардың астынан табылды.
Тағы 113 274 адам жарақат алған.
18 наурыздан бері Израиль Газаға жаппай соққыларын қайта бастады. Бұл уақыттан бастап тағы 673 адам қаза тапты, 1233 адам жарақат алды.
Бөлісу:
