Жаңалықтар

Газ тапшылығына жол бермеу маңызды – Олжас Бектенов

Газ тапшылығына жол бермеу маңызды – Олжас Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment 16.07.2024 11:54 600

Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов газ саласы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын баса айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында біздің еліміз қолдан келгенше өз ресурстарына арқа сүйегені абзал екенін нақты атап өтті.
Қазіргі таңда газ өндіру көлемі артып келеді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2,3% өсім күтілуде. Сонымен қатар тұрғындардың тарапынан да газ тұтыну көлемі өсе түсуде. Елді мекендерді газдандыру белсенді жүріп жатыр. Жаңа өнеркәсіп объектілері іске қосылуда. Сондықтан газ тапшылығына жол бермеу маңызды. Қуат көздерін арттыру үшін инфрақұрылымды жаңғыртуды және газды барлау мен қайта өңдеуге инвестициялар тартуды жеделдету қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр газ саласында іске асырылып жатқан және стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаны атап өтті. 

 Қашаған кен орнының шикізат базасында катарлық инвестор UCC Holding компаниясымен бірлесіп, газ өңдеу зауыттарын салу жұмыстары жүріп жатыр. Таяуда Орталық Өріктау, Батыс Прорва және Қаламқас газ жобалары іске қосылады деп күтілуде. Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде бірқатар магистральдық газ құбырлары салынып, жөндеуден өтті. Бүгін ғана «ҚазМұнайГаз» және итальялық «Eni» компаниясы Жаңаөзенде газ, күн және жел энергиясымен жұмыс істейтін алғашқы гибридті электр стансасын салуға кірісті, -деді ол. 

Үкімет басшысы аталған бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға