Жаңалықтар

Газ құю бекетіндегі жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Газ құю бекетіндегі жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Фото: Видеодан алынған кадр 24.03.2025 21:04 440

Түркістан облысының Шардара ауданында газ құю бекетінде болған жарылыстан зардап шеккен үш адамның бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға осыдан үш күн бұрын болған. Жаушықұм ауылында жеңіл көлік газ құю колонкасын соғып, жойқын жарылыс болды. Салдарынан оқиға орнында екі адам көз жұмып, үшеуі аудандық ауруханаға жеткізілген еді.

Алайда дәрігерлер 22 жастағы жігітті аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қалған екі адам хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға