"Ғарышкер". Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы сыйлады

Президент әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшік сыйлады. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады, - деп жазды Димаш Құдайберген.
Әнші жаңа досына ерекше ат қойғанын атап өтті.
Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді.
Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы - «шапшаң», «епті». Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын “Ғарышкер” деп атадық, - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
