Ғарыш туралы қызықты деректер

12 сәуір – ғарышкерлер күні, бұл күн ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған ауқымды жетістіктер мен ғарышкерлердің ерліктерін еске аламыз. Қазақстан да ғарыш саласында маңызды қадамдар жасап, әлемдік ғарыш тарихында өзіндік орны бар ғарышкерлерді тәрбиеледі. Ғарышкерлер ғарыш әлемі мен адамзат үшін көптеген маңызды жаңалықтар ашты. Осы ретте El.kz тілшісі ғарыш әлеміне қатысты қызықты деректерге шолу жасады.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.
Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері.
Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Талғат Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты. Талғат Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан ғарышкер. Ол Ресей Федерациясының батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы».
2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғарышкер-ұшқыш. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат,13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді.
«Алғашқы ғарыш хирургі» атанған қазақ қаһарманы
Ғарышта 341 күн 9 сағат, 48 минут болып, ең ұзақ айды зерттеген Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген. Экипажбен бірге аттанған турист әуеде басынан жарақат алып қалғанда Талғат Мұсабаев ашық кеңістікте оның жарақатын тігіп, таңып берген. Осы ерлігі үшін Талғат Мұсабаевты әлемде бейресми түрде «ғарыш хирургі» атап кеткен.
Бір күнде дүниеге келген қазақ ғарышкерлері
Ал тұңғыш қазақ ғарышкері атанған Тоқтар Әубәкіров пен соңғы ұшқан ғарышкер Айдын Айымбетов бір күнде, бір айда дүниеге келген. Ғарышқа да араға 24 жыл салып, бір күнде, 5 қыркүйекте ұшқан. Сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров ұшқанда экипаж командирі Алексей Волков болса, 24 жылдан кейін Айдын Айымбетовпен бірге оның ұлы Сергей Волков ғарышқа аттанған.
Ғарыш кеңістігін бағындырған алғашқы адам
Бәрімізге белгілі, ғарышқа алғаш рет ұшқан адам — Юрий Гагарин. Бұл тарихи оқиға 1961 жылдың 12 сәуірінде орын алып, бүкіл әлемге жаңалық ретінде тарады. Осы күн бүгінде «Ғарышкерлер күні» ретінде аталып өтеді.
Орбитаға шыққаннан кейін ол тапсырылған барлық ғылыми бағдарламаларды толық орындап шықты. Оның естеліктерінен белгілі болғандай, ол Жерді бақылап, алған мәліметтерін тиянақты түрде тіркеп отырған және қажетті азық-түлікпен қоректенген.
1961 жылы 12 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат 09: 07-де Гагарин «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты. Халық мұны көптен күткен еді. Ол ғарышта 108 минут болды, бұл жерден тыс кеңістікті игерудегі серпіліс болатын.
Ай бетіне табан тіреген алғашқы адам
Адам баласын Ай бетіне жеткізген ең алғашқы ғарыш кемесі — АҚШ-тың «Аполлон-11» миссиясы. Бұл ұшу 1969 жылдың 16 шілдесінде басталып, 24 шілдеде аяқталды.
Ғарышкерлер Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин Айда шамамен 21 сағат 36 минут 21 секунд болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың Айға алғаш қонуы кезінде, командалық модульде қалған Майкл Коллинз орбитада байланыс пен басқару қызметін атқарды.
Айдың бетіне алғаш аяқ басқан — Нил Армстронг, ал 15 минуттан кейін оған Олдрин қосылды. Ғарышкерлер екі жарым сағатқа жуық уақытты Айда өткізіп, АҚШ туын тігіп, топырақ үлгілерін алып, арнайы зерттеу құрылғыларын орнатты. Сонымен қатар, алғашқы фотосуреттерді түсіріп, Ай мен Жер арасындағы нақты қашықтықты анықтауға мүмкіндік беретін деректер жинады. Бұл тарихи сәт 1969 жылдың 20 шілдесінде орын алды.
Алайда, кейбір ғалымдар мен зерттеушілер бұл қону шындыққа жанаспайды деген пікірді ұстанып, ол ХХ ғасырдың ең ірі алдау әрекеті болғанын алға тартады.
Ғарышта қалқып жүрген алғашқы әйел
Ғарыш әлеміне алғаш қадам басқан әйел — Валентина Терешкова. Ол ғарышқа жеке өзі сапар шеккен алғашқы әйел ретінде тарихта қалды. Бұл үшін ол көптеген үміткерлердің арасынан арнайы таңдалып алынды.
1963 жылдың 16 маусымында Кеңес Одағының «Восток-6» ғарыш кемесімен ол Жер орбитасына көтерілді. Осылайша, Кеңес Одағы тек ер адам емес, әйел адамды да ғарышқа ұшырған алғашқы мемлекет атанды. Бұл оқиға елдің саяси беделін арттыруда маңызды рөл атқарды.
Терешкованың ғарыш сапары 22 сағат 41 минутқа созылып, ол Жерді 48 рет айналып шықты. Қызықты жайт — оның отбасы мүшелері Валентина ғарышқа ұшқанын тек радио арқылы ғана білген. Ол бұл сапар сәтсіз аяқталуы мүмкін екенін түсініп, жақындарына ештеңе айтпауды жөн көрген. Терешкованың қоңырау аты — «Шағала» болған.
Ғарышта музыка ойнаған
Канадалық ғарышкер Крис Хэдфилд гитарада "Space Oddity" әнін орындап, оны Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) жазған.
Ғарышта өскен өсімдіктер
Ғарышкерлер ХҒС-да қызанақ, салат және гүлдерді өсіріп, микрогравитация жағдайында тіршіліктің қалай жүретінін зерттеген.
Ғылымға қосқан үлестері
Микрогравитацияда адам ағзасын зерттеу:
Ғарышкерлердің сүйек, бұлшық ет, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен көз қысымы микрогравитацияда қалай өзгеретінін зерттеу медицина мен биологияға көп жаңалық әкелді.
Ғарыштық сәуле әсері:
Ғарыштағы радиацияның адам ағзасына әсері зерттеліп, бұл болашақта Марсқа немесе Айға ұшқанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жаңа технологияларды сынау:
Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) — заманауи материалдар мен робот техникасын сынақтан өткізетін зертхана. Ғарышкерлер бұл зерттеулерді тікелей жүргізеді.
Жерді бақылау:
Ғарышкерлер ғарыштан Жердің экологиясын, ауа райын, мұздықтардың еруін бақылап, климат өзгерісін зерттеуге үлес қосуда.
Межпланеталық миссияларға дайындық:
ХҒС-тағы тәжірибелер адамдардың басқа планеталарға ұзақ сапарға шығуына қажетті
