Жаңалықтар

Гарвард 2,2 млрд доллар қаржыландырудан айырылды

Гарвард 2,2 млрд доллар қаржыландырудан айырылды
Фото: Pixabay.com 15.04.2025 09:50 341

Гарвард университеті антисемитизм үшін 2,2 млрд доллар қаржыландырудан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, елдегі ең атақты жоғары оқу орны еврей ұлтынан болған студенттерді қорғаудан бас тартып отыр.

Forbes дерегінше, университет 60 миллион доллар көлеміндегі келісімшарттардан да айырылған.

Гарвард университетінің президенті Алан Гарбер Дональд Трамп әкімшілігінің «еврей студенттерін қорғау мақсатында университет саясатын өзгерту» жөніндегі талабымен келіспейтінін білдірді.

7 қазан 2023 жылы ХАМАС тобы жасаған шабуылдан кейін және Израильдің Газа секторына жасаған бомбалауларынан соң, Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне байланысты АҚШ-тың көптеген университетінде антиизраильдік акциялар өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға