ҒАРЫШТАН КЕЛГЕН ӘУЕН:
QONYRATBAY FAM
Әнші Ғалымжан Молданазар отандық музыкаға жаңа леп әкеліп қана қоймай, көптеген жас музыканттардың үлкен сахнаға шығуына ықпал етті. Соның бірі - ағалы-қарындасты Qonyratbay Fam дуэті. Тіпті, Moldanazar бэндінің негізін салған музыкант бір сұқбатында осы топтың табынушысы екенін де жасырмаған еді.
Күні кеше Qonyratbay Fam соңғы әндеріне түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті. Осыған орай назарларыңызға Ғалымжанның сүйікті тобы жайлы материалды ұсынуды жөн көрдік.
Күні кеше Qonyratbay Fam соңғы әндеріне түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті. Осыған орай назарларыңызға Ғалымжанның сүйікті тобы жайлы материалды ұсынуды жөн көрдік.
Фото: instagram.com/qonyratbayfam
Qonyratbay Fam. Олар кім?
Ағалы-қарындасты Сұлтан-Әли мен Бибі-Хадиша Қоңыратбай бала кездерінен музыкамен әуестенеді. Бірақ екеуінің де кәсіби музыкалық білімі жоқ. Сұлтан-Әли (23 жаста) - қаржыгер болса, Бибі-Хадиша (21 жаста) - зергер.
Сұлтан-Әлидің музыкаға қызығушылығын байқаған ағасы бірде оған гитара сыйлайды. Ол кезде Сұлтан-Әли мектеп оқушысы. Алғашында ол интернеттен өзінің сүйікті әндерін іздеп тауып, қарындасымен қосылып орындай бастайды. Ал 10-сыныпта оқып жүргенде досының студиялық аппаратурасының көмегімен ән жазуды қолға алады. Осылайша жазған каверлерін VK, Instagram желілеріне салған жас дуэттің өз тыңдармандары пайда болады.

Неге Qonyratbay Fam?
Алғаш каверлерін жазуға көмектескен Мирас есімді досы олардан соңғы файлды қалай сақтайын деп сұрайды. Сұлтан-Әли мен Бибі-Хадиша ойланып тұрғанда, ол "Qonyratbay Family" деп сақтауды ұсынады. Содан бері "Qonyratbay Fam" топ атауы болып қалып қояды.
Фото: instagram.com/qonyratbayfam
Музыкалық жанр
Топ мүшелерінің айтуынша олардың негізгі жанры - инди-фолк, инди-рок. Тарихи экскурс жасайтын болсақ, инди-музыка ұғымы әуелден коммерциялық поп-музыкадан тәуелсіз тұратын туындыларды меңзейтін. Яғни, бұл жанр өкілдері продюсерлермен жұмыс жасамайтын, белгілі бір лейблдермен келісімшартқа отырмайтын болған.
Қазақстанда бұл жанр енді дамып келе жатқандықтан, оған қандай да сипаттама беру әлі ерте. Бірақ қазақ музыкасына алғаш болып индиге тән ерекшелік мен атмосфера сыйлаған кімдер еді десек, Ғалымжан Молданазар мен Qonyratbay Fam деп сеніммен айтуға болатын шығар.

Ғалымжан Молданазармен танысу
Сұлтан-Әли мен Бибі-Хадиша кезекті каверді орындауға Ғалымжан Молданазардың "Мейірімді бол" әнін таңдап алады. Видеожазбаны Instagram желісіне салып, Ғалымжанды белгілейді. Бірнеше күннен соң Ғалымжан оларға хат жолдап, өзінің кеңестерін бере бастайды. Кейін кездескенде де жеке шығармашылықты қолға алуларын өтініп, студияға шақырады. Осылайша, "Кім сен?" және "Бәрібір" әндері жарық көреді.
Біздің әндеріміз қазақша болса да, тіл білмейтін адамдар келіп, бізді сүйіп тыңдайтындарын айтып жатады. Олардың ішінде қазақша білмейтін қазақтар да бар. Біздің музыка олардың қазақша үйренуіне ықпал етті дегенді естігенде, біз ерекше қуанамыз, шабыттанамыз.
"Бір ән салам"
"Бір ән салам" әні 2017 жылдың аяғында жарық көрген болатын. Бірақ бұл туындыға түсірілген бейнебаян жақында ғана көптің назарына ұсынылды. Белгілі режиссер Малик Зенгер осы әнді ерекше ұнатып, Qonyratbay fam-ге клип түсіруге ұсыныс жасайды. Ерекше әннің бейнебаяны да ерекше болуы тиіс деген тұжырымға келсе керек, клиптен ән айтып тұрған Сұлтан-Әли мен Бибі-Хадишаны таппайсыз. Тек әуезді әнмен сүйемелденген әдемі сюжет қана. Режиссер клипте Скандинавияның атмосферасын бергісі келгенін айтады. Видео барынша шынайы болуы үшін ол Қазақстанға іс-сапармен келген скандинавиялық Мортан есімді азаматқа қолқа салады.
Біз үшін не маңызды, не қымбат болса, әндеріміз де сол жайлы. Сұлтан-Әли ән жазса, мен оған сөз жазамын. Көбіне бөлек жазамыз. Біріктірген кезде, ғажайып дүние пайда болады. Аға мен қарындас арасындағы байланыс деген осы болар.
— Бибі-Хадиша
— Бибі-Хадиша