Жаңалықтар

Ғани Бейсембаев: Білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Ғани Бейсембаев: Білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 07.10.2023 23:12 982

Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттыру және білім алу мүмкіндігін кеңейту бағытында жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрлік мәліметінше, Парламенттік комиссия отырысына жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Оқу-ағарту министрі білім беру саласындағы ТДМ міндеттерін іске асыру барысы туралы баяндап, күн тәртібіндегі тақырып Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаттары және міндеттерімен сәйкес келетінін атап өтті.

Барлық көрсеткіштер білім беру саласының негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына: ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Даму жоспарына біріктірілген. Бүгінгі таңда ұстаздардың біліктілігін арттыруға арналған барлық оқыту бағдарламалары инклюзивті білім беру пәндерін қамтиды, – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, апатты, үш ауысымды мектептер мен оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін соңғы үш жылда ғана 380 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Биыл 137 мың орындық 165 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде осы жылы 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы, мектеп инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба аясында 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, биылғы оқу жылында 200-ге жуық мектеп күрделі жөндеуден өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пән кабинеттерімен жабдықталады, мектеп жиһаздары, кітапханалар, асханалар жаңартылады және балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға