Жаңалықтар

Ғалымжан Смағұлұлы Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

Ғалымжан Смағұлұлы Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Фото: t.me/sport_comiteti 24.03.2025 22:14 622

Тбилисиде (Грузия) парадзюдодан өткен Әлем кубогында Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) керемет өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол финалға дейін Украина және Грузия спортшыларын жеңіп, шешуші белдесуде литвалық Освальдос Барейкиске жол берді.

Бұл жарыс Олимпиададан кейінгі жаңа салмақтағы алғашқы бәсеке болды.

Бұған дейін Ақмарал Науатбек осы аламанда топ жарғаны туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға