Жаңалықтар

Ғалымдар шaйдың зиянын айтып, дабыл қақты

Ғалымдар шaйдың зиянын айтып, дабыл қақты
Фото: © Pixabay.com 28.02.2024 13:01 2672

Ғалымдар шайдың зияны жетерлік екенін дәлелдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Британдық отоларинголог, әрі пластикалық хирург Генри Шарп ыстық шайді ішу жұтқыншаққа кері әсерін тигізетінін айтады. Ал кеседен шыққан ыстық бу мұрыннан қан кетуге себепкер болуы әбден мүмкін.

The New England Journal of Medicine журналы жасаған зерттеуде қою шай тіс пен сүйекке зиян екені анықталған. Канадалық Journal of Toxicology журналы мынандай қызықты зерттеуді көпшіліктің назарына ұсынды. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен шай қалташаларын жинап, зерттеген. Белгілі болғандай шайдың құрамында қорғасын, алюминий, мырыш, кадмийдің аз мөлшері кездескен. Бұл металдар шайдың құрамына топырақ арқылы түскен болуы мүмкін.

Шөптік шай кей гүлді өсімдіктер бөлетін алкалоид – токсиндерді бойына жинайды. Бұл токсиндердердің жалпы организмге, оның ішінде бауырға аса зиянды. Калифорния университетінің жүргізген зерттеуі тамақтың артынан ішкен шай темірдің организмге сіңуіне кері әсер ететіндігін дәлелдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға