Жаңалықтар

Ғалымдар ел тарихын жазып шықты: Қазақстан тарихының көптомдығы жарық көреді

Ғалымдар ел тарихын жазып шықты: Қазақстан тарихының көптомдығы жарық көреді
Фото: Ақорда 17.04.2023 19:35 1644

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлеуге қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды. Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, ол бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтіп, параграфтарға бөлініп, ғалымдар ел тарихын жазып шыққан. Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр, - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға