Жаңалықтар

Ғалымдар диетасыз-ақ арықтаудың жолын тапты

Ғалымдар диетасыз-ақ арықтаудың жолын тапты
Фото: ©Pixabay.com 06.04.2025 23:13 446

Оңтүстік Корея ғалымдары артық салмағы бар әйелдер арасында зерттеу жүргізіп, кешкі уақытта 50 минут серуендеудің қатаң диетасыз-ақ арықтауға және іш майынан арылуға көмектесетінін анықтаған, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Journal of Exercise Nutrition and Biochemistry журналының жазуынша, зерттеуге қатысушылар екі топқа бөлінген: біріншісі өмір салтын өзгертпеген, ал екіншісі аптасына үш рет 50 минуттық серуенге шыққан. Эксперимент 12 аптаға созылған және сол уақыт ішінде қатысушылар ешқандай арнайы диета ұстанбаған.

Зерттеу нәтижелері бойынша, серуендеген әйелдер физикалық белсенділікпен айналыспағандарға қарағанда ішкі ағзалардың маңындағы висцералды майдан көбірек арылған. Висцералды май – бұл жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек және өкпе сияқты маңызды ішкі ағзалардың айналасында жиналатын май.

Мамандардың айтуынша, қалыпты жағдайда бұл май ішкі ағзаларды соққыдан қорғайды және жылу реттелуін қамтамасыз етеді. Алайда оның мөлшерден тыс жиналуы ағзаға зиян келтіріп, гипертония, атеросклероз, қант диабеті мен метаболикалық синдром сияқты ауруларға әкелуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға