Жаңалықтар

Ғалымдар адам денсаулығына ең пайдалы спорт түрлерін атады

Ғалымдар адам денсаулығына ең пайдалы спорт түрлерін атады
Фото: © Pixabay.com 31.01.2024 17:15 1982

Ғалымдар ең пайдалы спорт түрлерін атады, деп хабарлайды el.kz ақпараттық агенттігі.

Австралиялық ғалымдар әлемдегі адам денсаулығына ең пайдалы спорт түрлерін атады. Олардың мәлімдеуінше, жүзу, велосипед тебу, аэробика және теннис ойнаудың денсаулыққа пайдасы зор.

Адам баласының қаншалықты жиі спортпен айналысатынынан бөлек, қандай спорт түрін таңдайтыны да маңызды. Себебі, кейбірінің адам денсаулығына пайдасы басқаларына қарағанда көбірек болып келеді. Бұл жаңалығымыз адамдарға көп көмегін тигізеді деп ойлаймыз, - деді Сидней университетінің ғалымы Эммануэль Стаматакис.

Эммануэль мен ғалымдар тобы 12 жыл бойы (1994 жылдан бастап 2006 жылға дейін) зерттеу жүргізеген. Олар, Ұлыбритания мен Австралия елдерінің денсаулық сақтау саласының мұрағатында сақталған материалдарды пайдаланған. Ғалымдардың айтуынша, спорттың да денсаулыққа зиянын тигізетін түрлері бар. Мысалы, ауыр атлетика, американдық футбол және жекпе-жек секілді спорт түрлерінің пайдасынан гөрі зияны көп. Егер, ұзақ әрі сау ғұмыр кешемін десеңіз, жоғарыда аталған спортпен айналыспаңыз.

Жүзу және аэробика өлім ықтималдығын 27-28, ал жүрек - қан тамырлары ауруларының 36-41 пайызыға төмендетеді. Оған қоса, тағы бір денсаулыққа пайдасы көп тиетін спорт ол – велосипед тебу.  Велосипедпен жүру өлім ықтималдығын жалпы алғанда 15 пайызға азайтады.

Ғалымдардың баяндауынша, әр спорттың өзіне тән зияны мен пайдасы бар. Бірақ, бір мезгілде адам ағзасының барлығына бірдей пайдалы спорт түрі жоқ. Сондықтан олар, енді адам денесі мен ағзасының барлығына бірдей көмектесетін әрі шынықтыратын спорт түрін ойлап табуды көздеп отыр.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға