Жаңалықтар

Галиб Жафаров әлем чемпионы атанғанда әнұран дұрыс қойылмай, жігіттер өздері айтып еді - бас бапкер

Галиб Жафаров әлем чемпионы атанғанда әнұран дұрыс қойылмай, жігіттер өздері айтып еді - бас бапкер
Фото: Асқар Таудай 22.07.2023 09:10 1260

Қазақстан спортында әлем чемпионатына қатысып, еліміздің әнұранын шырқатқан спортшылардың орны ерекше. Талай додаларда оза шауып, олжа салған оғландарымыздың ұлт спортына қосқан үлесі тарихта қалғаны анық. Егемендік алған жылдары отандық спорттан ойып орын алған спортшысы бірі ақтөбелік Галиб Жафаров. Ол тоқсаныншы жылдар соңында бокстан ұлттық құрама сапына алынып, Бақтияр Төлегенов, марқұм Бекзат Саттархановтармен тегеурінді қарсылас атанып, үздік нәтижеге қол жеткізе алды. Оның 2003 жылы әлем чемпионатына қатысып, жеңімпаз атапған тұсында ыңғайсыз жағдай туындағанын көпшілік біле бермейді. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сол кездегі марапаттау рәсімінде еліміздің әнұранының орнына Кеңес заманындағы Қазақстан гимні шырқалып, елімізден барған делегация бірден тоқтатып үлгергені туралы оқиғаға шолу жасап көрді. 

Шу тудырған оқиға туралы бокстан ҚР Ұлттық құрамасының 2002-2004 жылдардағы бас бапкері болған Ермахан Ыбырайымов көптеген естеліктерімен бөлісті. Оның айтуынша, сол кезде гимннің әуені жазылған үнтаспай болмай, ұйымдастырушылар қазақстандық делегациядан әнұранды өздеріңіз айтып беріңізден қолқа салғанын біреу білсе, біреу білмейді.

2003 жылы Тайланд астанасы Банкокте бокстан әлем чемпионаты өтті. Төрткүл дүниенің мықтылары жиналған бәсекеде 57 келідегі ұлттық құрама мүшесі Галиб Жафаровтың шашасына шаң жұқпады. Ол сол сында басты фаворит ретінде саналды. Соған сай жанкүйер көңілінен шыққан өнер көрсетіп, бапкерлердің артқан сенімін ақтай алды. Азия құрлығында өткен әлем чемпионтында Галиб Жафаров жеңімпаз атанды. Алайда еліміздің әнұраны ойнатылатын марапаттау рәсімінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Жарысты ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранының орнына Қазақ ССР-і кезінде гимнді ойнатып жіберді. Улап-шулап жүріп зорға тоқтаттық. Олар болса, "араларыңызда әнұран білетін біреу шығып өздеріңіз айтыңыздар деп қарап тұр. Қапелімде не істерімізді білмей сасып қалдық. Тұра тұр дейтін сәт емес. Зал толы жиналған жұрттың бәрі бізге қарап тұр. Сол кезде Тайландқа Қазақстан делегациясын бастап барған, Серік Төкеев «мен айтамын» деп ортаға атып шықты. «Әп бәрекелді» дестік бәріміз жапа-тармағай риза болысып. Алайда Секең ол кезде әнұран ретінде бекітілмеген Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін бастап, айта жөнелді. Бәріміз қосыла кетсек те, іштей ертең ыңғайсызданып тұрмыз. Себебі, ресми жарыста сол кездегі бекітілген әнұран емес, басқа ән айтылып жатты... Бір жағынан қанымыз тулап, Банкок төрінде рухымыздың көтеріліп қалғаны да рас. Сөйтіп марапаттау бітті. Араға бірнеше минут салып, 75 келіде қарағандылық Геннадий Головкин әлем чемпионы атанды. Сол уақытта бізбен бірге барған жігіттердің бірі Тайландтағы еліміздің елшілігіне барып, әнұран жазылған үнтаспаны алып келіпті, - дейді тарих қатпарында қалған әңгімені айтыпқан Ермахан Ыбырайымов.

Галиб Жафаров әлем чемпионы атанғанда әнұран дұрыс қойылмай, жігіттер өздері айтып еді - бас бапкер

Бас бапкер болған Олимпиада чемпионы қазіргі әнұранның бекітілген уақытынан бұрын ресми жарыста үш жыл бұрын болғанын айтып, таңданысын әлі күнге жасырмайды.

«Әлем чемпионаты аяқталған соң біз елге келдік. Әуежайда қалың жанкүйер төбесіне көтеріп қарсы алды. Кейін Шәмші атамыздың әнін әнұран болуы керек деген бастама көтеріле бастады. Арада 3 жыл уақыт өткенде президенттің қол қоюымен заңды күшіне енді, - деп еске алады Ұлттық құраманың сол кездегі бас бапкері.

Галиб Жафаров әлем чемпионы атанғанда әнұран дұрыс қойылмай, жігіттер өздері айтып еді - бас бапкер

Галиб Жафаровың сол сыннан кейін атағы аспандай түскен еді. Ол тәуесіз Қазақстан боксының тарихында әлем чемпионы атанған екінші боксшы болды. Оған дейін 2001 жылы Ирландияның Белфаст қаласында өткен дүниежүзілік бокс бәсекесінде күміспен күптеліп, ұлттық құрама қоржынына түскен жалғыз медальдың иесі атанды. Бұл жүлде сол жылғы қазақ боксының жыл жұбанышы болғанын бапкерлер әлі күнге айтады.

Өкініштісі сол Тайландта жасындай жарқыраған Галиб Жафаров 2004 жылы Олимпиада отаны Грекияда өткен төртжылдықтың басты ойындарында көздеген межесіне жете алмады. Ол әлем чемпионы ретінде Афины алтынынан үмітті 57 келідегі №1 боксшы еді. Бокс мамандары да солай боларына еш шүбә келтірмеген болатын. Ширек финалға дейін сүрінбей жеткен ұлды Ресейдің Омбы өңірінен барған «белгісіз» 20 жастағы сары бала тоқтатты. Оның есімі – Алексей Тищенко еді.

Галиб Жафаров әлем чемпионы атанғанда әнұран дұрыс қойылмай, жігіттер өздері айтып еді - бас бапкер

Бұл кездесу туралы Алексейдің әкесі әрі алғашқы бапкері Виктор Тищенко былай деп еске алады.

«Ұлым Афиныға барғанда үлкен шумен аттанды. Себебі, оның салмағында Ресей атынан сынға түскен екі дүркін Олимпиада Ойындарының жүлдегері, 1995-1997 жылдары өткен әлем чемпионатының жеңімпазы тәжік Райымқұл Малахбеков бар еді. Ол 54 келіде 57-ге ауысқан соң сенімді ақтай алмады. Барлық жарыста мүлт кеткен соң, шешуші жекпе-жекте менің ұлым Алексей оны ұтып кетті. Сөйтіп, лицензиялық жарыстан жолдама алып, Афина ақжол тілеп Омбы әуежайында қала бердім. Сөз жоқ, сол жолы Галиб Алексейден мықты еді. Біздің баланың жоғалтатын ештеңе де болмады. Алайда ол мақсатымыз жоқ деген сөз емес. Елдің бәрі бізге қарап отырған соң жүлде алуымыз міндетті болды. Ал Галибтің қателігі ол Алексенді аса менсіне қоймады. Біз бапкер ретінде кеңес беріп, осы тұсты ұтымды пайдалана алдық. Әрине, бұл сында Галиб 3 раунд басым болды. Бірақ оның бірінші раунда 10-нан астам соққыны өзіне өткізіп алуы Алексейдің жартылай финалға шығуына жол ашты», - дейді Виктор Тищенко.

Кейін Галиб Азия Ойындарында қола жүлде иеленді. Тіпті, Бейжің олимпиадасына да 57 келіде қайта сынға түскен. Бірақ кезінде Тайландта әлемді аузына қаратқан қазақстандық оғланның жолы келте болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға