Жаңалықтар

«Ғаламдық сипатқа ие»: Министрлік интернеттегі ақауға қатысты пікір білдірді

«Ғаламдық сипатқа ие»: Министрлік интернеттегі ақауға қатысты пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 24.01.2025 15:21 199

Қазақстанда үкіметтік порталдардың жұмысы қалыпқа келтірілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Цифрлық даму министрлігі «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ Цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілді.

Ұялы байланыс пен Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие. Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елінде тіркелді, - деп қосты министрлік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға