Гөзал Айнитдинова Өскемен турнирінің жартылай финалына өтті
Гөзал финалға шығу үшін рейтингте 661-сатыдағы ресейлік Татьяна Барковамен таласады
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
12.08.2022 14:16
1617
Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жекелей сында Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды El.kz.
Дүниежүзілік рейтингте 587-сатыда тұрған қазақстандық спортшы ширек финалда үндістандық Ашмита Эшварамуртимен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Г.Айнитдинова 5:1 есебімен алға кеткеннен кейін қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.
Гөзал финалға шығу үшін рейтингте 661-сатыдағы ресейлік Татьяна Барковамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 311-інші, жарыстың 1-ракеткасы, отандасы Екатерина Казионованы ұтып кетті – 6:3, 6:1.
Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Е.Казионовамен бірге жартылай финалға шықты. Олар қазақстандық, 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева мен қырғызстандық Владислава Андреевскаяны 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Ж.Құламбаева мен Е.Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко – Беларусь өкілі Дарья Шаухамен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан теннис федерациясының президенті қазақстандық теннисшілердің табысы кездейсоқтық еместігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Гөзал Айнитдинова Өскемен жарысының, Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты.
Дэвис кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы анықталды.

Бөлісу: