Жаңалықтар

ГҮЛЖАН СӘРСЕНБАЙ: Сәбидің өмірін сақтап қалу — үлкен бақыт

ГҮЛЖАН СӘРСЕНБАЙ: Сәбидің өмірін сақтап қалу — үлкен бақыт
22.10.2018 10:31 2103

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, өз ісін сүйетін мамандық иелері кез келген салада бар. 

Оларды ел-жұртқа таныстырып, мерейін асыру қажет. Осы мақсатта былтырдан бері «100 жаңа есім» бойынша еліміздегі әртүрлі салада абыройлы еңбек ететін жаңа есімдерді анықтауға белсене кірісіп кеттік. Бүгінде «100 жаңа есімнің» бірінші легі қоғамға таныстырылды.

Қазақ басы ауырып, балтыры сыздаса, өмірін әуелі — Аллаға, сосын ақ халатты жандарға аманат етеді. Медициналық көмектің дер кезінде беріліп, дұрыс ем-дом жүргізу де кәсіби біліктілікті көрсетеді. Алайда, қазір қоғам дәрігерлердің білімсіздігін сынап-мінесе де, олардың ішінде де бар өмірін мамандығына арнаған жанкешті жандар аз емес. Бірақ, олардың еңбегі еленбей, тасада қалып жататыны өкінішті. Соның бірі  Денсаулық сақтау министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, балалар кардиохирургі Гүлжан Ескендірқызы Сәрсенбай.

«Бала  бауыр етің». Қазақ «Балам ауырғанша, мен ауырайын» деп, кішкентай сәбидегі бар ауыртпалықты өзіне аударғысы келетіні сондықтан. Баланың ағзасы да ересектердікіне қарағанда басқаша. Мұны тек балалар дәрігері ғана біледі. Ал, Гүлжан Сәрсенбай да өмірін балаларға арнаған абзал жан. Ол Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балалар кардиохирургиясы бөлімінің ашылуына мұрындық болған. Әуелгіде меңгерушілік қызметті атқарып, мамандар тәрбиелеуге күш салды. «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім қорын молайтып келген балалар хирургы күні бүгінге дейін 1 мыңнан астам балаға ота жасаған. 

Осыдан біраз жыл бұрын еліміздің бас медициналық оқу орнында Педиатрия бөлімі жабылып, қоғам дүрліккен еді. Бұл мәселені сан мәрте көтерген ақпарат құралдары балалар хирургы, бас педиатр Камал Сәруарұлы Ормантаевтың ашынғанда шыққан ащы даусын беруден, жариялаудан жалыққан жоқ.

Бала ағзасы өте нәзік. Педиатр болғысы келетін дәрігер баланы ерекше сүйіп, бүкіл ағза мүшесін зерттеуі керек. Онсыз балаға дұрыс диагноз қою мүмкін емес. Міне, көптің тілегі қабыл болып, былтырдан бері Педиатрия мамандығы қайта ашылды. Күллі балалар дәрігерлері қуанған жаңалық жайында Гүлжан Сәрсенбай: «Әу баста Педиатрия факультетін жабу идеясы дұрыс емес еді. Бірақ, «Көп түкірсе —  көл» демей ме?! Күрделі мамандықты тереңінен зерттеп, зерделеп оқу керек. Бұл балалар педиатры, балалар хирургы болғысы келетін қаншама жастарға жол сілтейді» дегенді айтады.     

ТОЛЫҒЫРАҚ ОСЫНДА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға