Жаңалықтар

Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстанның Франциядағы елшісі болып тағайындалды

Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстанның Франциядағы елшісі болып тағайындалды
Фото: Ақорда 23.07.2022 10:11 1931

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.​​Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова 1971 жылы 15 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы доктор. Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады. ҚР СІМ Орталық аппаратында ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді және Қазақстанның Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Француз және ағылшын тілдерін меңгерген. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға