Жаңалықтар

Г. Маркестің афоризмдері

Осыдан екі күн бұрын әлемге белгілі жазушы, Нобель сыйлығының иегері, бірнеше танымал кітаптардың авторы Габриэль Гарсиа Маркес 87 жасында өмірден озды.
21.04.2014 08:14 4997

Осыдан екі күн бұрын әлемге белгілі жазушы, Нобель сыйлығының иегері, бірнеше танымал кітаптардың авторы Габриэль Гарсиа Маркес 87 жасында өмірден озды. Колумбияның билігі жазушының қазасына байланысты үш күн аза тұтып, 21 сәуір күні жер қойнына тапсыруды шешті. Енді сол жазушының артына қалдырған айтулы сөздерін ұсынып отырмыз!

Г. Маркестің афоризмдері

  • Егер сіз шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, ол сізден қашып құтылмайды. Бір апта, бір ай, бір жыл өтсе де...
  • Құлшыныс еңбекпен бірге келеді («Тәбет ас үстінде келеді» дегендей)!
  • Ақша мен ібіліс туыс!
  • Мен өзін қай өмірде де жалғыз сезінбеген адамды көрген емеспін.
  • Бір нәрсе үшін қуатыңыздың барлығын сарп етпеңіз, барлығы да кездейсоқ болады.
  • Бір адамды кездестіріп, ол сіздің жаныңызды түсінсін десеңіз, алдымен өзіңіз мықты болыңыз!
  • Сіздің жаныңызды құлазытатын адам қашан да табылады, бірақ сонда да адамдарға сеніңіз, сақтықты да ұмытпаңыз!
  • Уақытын сізбен бөліскісі келмейтін адамға алтындай уақытыңызды сарп етпеңіз!
  • Сіз кейбір жандарға қарапайым адам шығарсыз, кейбір жандарға бүтін бір әлемсіз!
  • Әрқашан жымиып, ақ-жарқын көңілмен жүріңіз, кім біледі, біреу сіздің күлкіңізге ғашық болып қалар!
  • Нағыз дос деген – қолыңнан ұстап, жүрегіңді тыңдайтын адам.
  • Мен сені жаныңда бақытты болғаным үшін ғана сүйемін!
  • Сенің көз жасыңа ешкім татымайды, ал оған татитын жандар ешқашан жылатпайды!
  • Біреуді сарғая сағынудан арылудың бір жолы – жанында болып, өзіңнің оған керексіз екеніңді ұғыну!
  • Сенсіз өмір сүре алмайтын адамды бағала, сенсіз де бақытты адамның соңынан жүгірме!
  • Адамдар көбіне қартайғанда махаббат болмайды деп қателеседі, шын мәнінде адам махаббаттан жұрдай болу үшін қартаяды.
  • Бір адамды кездестіру үшін мың адаммен жолымыз түйісетіні қандай өкінішті!
  • Ымыраға келген минутыңыз достықпен өткізген бүкіл өміріңізден де бағалы!
  • Әйелдер сөзге қарағанда сөздің астарына қатты мән береді!
  • Сатушы адам тіл білуі тиіс, ал сатып алушы барлығын сөзсіз-ақ түсінеді!
  • Оңай келген олжаның ғұмыры ұзақ болмайды!
  • Жоқ, мен бай емеспін! – деді ол. – Мен ақшасы бар кедеймін, бұл екеуі екі басқа ұғым!
  • Мен ешқашан айтқан сөзімді қайтып алған емеспін, әлемдегі ең қызық адамдар Ресейде тұрады!
  • Егер орындай алатынына күмәнің болса, ешқашан бұйырып сөйлеме!
  • Өтірік пе, рас па – айырмашылық қандай? Уақыт өте барлығы да белгілі болады!
  • Ұлы жоқшылықтың артында ұлы береке болады! (Басы қатты болса, аяғы тәтті болады!) Мұндай жағдайлар адамдардың өмір сүруге деген құлшынысын арттырады!
  • Өмірдің әрбір сәті адам баласы үшін берілген мүмкіндік!
  • Мен қалпақ кимеймін, себебі оны біреудің алдында иіліп шешіп жүргім келмейді!
  • Адамдардың барлығы тауды мекендегісі келеді, нағыз бақыт таудың басына қалай жету екенін түсіне бермейді!
  • Білім мен кемеңгерлік адамға керек емес кезінде келеді!

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға