Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Турнирдің негізгі сатысының ойындары биылғы жылдың 25-30 қазан аралығында өткізіледі
Фото: futsalki.ru
Фото: futsalki.ru
09.07.2022 09:26
2372
Футзалдан қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Алматылық «Қайрат» А тобына түсті. Қарсыластары - франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальорка». Қазақстандық команда аталған турнирге 19-мәрте қатысады.
Ел біріншілігінің күміс жүлдегері - рудныйлық «Аят» В тобында хорватиялық «Ново Время» және «Пула», португалиялық «Спортингпен» кездеседі. Әрбір топтан үздік үштікке енген командалар жарыстың элиталық сатысына жолдама алады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Оқу мерзімін ұзарту ұсынылды