Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффке шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффке шықты
Фото: instagram.com/kff_team_futsal 20.09.2024 10:00 115

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турынан соң 1/8 финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншілік ережесіне сәйкес плей-оффқа әр төрттіктен алғашқы екі команда және үштікке енгендер арасында үздік көрсеткішке ие болған төрт команда жолдама алады.

Ливия құрмасын 4:1 есебімен жеңген Қазақстан D тобында төрт ұпаймен екінші орын алды. Енді үшінші тур нәтижесіне қарамастан Қазақстан осы орнын сақтап қалады.

Үшінші орын жолдамасына таласатындар арасында құрамамыз жоғары орында тұр. Дәл қазір оз топтарында үшінші орында келе жатқан үш командада ғана ұпай бар, яғни бұл дегеніміз төртінші команда төрт ұпайдан артық ұпай еншілей алмайды деген сөз.

Үшінші тур алдында үшінші орында тұрған құрамалардың кестедегі жағдайы:

Ливия - 3 ұпай

Украина - 3 ұпай.

Өзбекстан - 1 ұпай

Хорватия, Тәжікстан, Гватемала – ұпай жоқ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға