Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Фото: Футбол федерациясы
Фото: Футбол федерациясы
14.12.2024 13:19
735
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тиранада өткен ойын Қазақстан командасының пайдасына шешілді. Есеп - 0:2. Бірінші таймда Лео есепті ашса, ойынның соңғы минутында Ақжол Дәрібай кездесудің нүктесін қойды.
Кака шәкірттері келесі ойынды Алматыда Армения құрамасына қарсы өткізеді. Матч 18 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды