Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу сатысының келесі кезеңіне өтті

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ
09.03.2023 09:25
1141
8 наурызда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Пауло Рикардо Каканың шәкірттері сырт алаңда Словения құрамасымен өткен кездесуді 3:3 есебімен аяқтады. Қазақстандықтар кездесу барысында 3:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік беріп, жеңісті мүлт жіберді.
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне шықты.
Еске салайық, элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 5 шілдеде өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 202 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды