Футзал: Қазақстан әлем чемпионатында Португалиямен ойнайды

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқанда әлем чемпионатында Қазақстанның плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Португалия өз тобындағы соңғы ойында Марокконы жеңіп, Қазақстанға қарсылас атанды.
Марокко – Португалия – 1:4
Голдар: Эль-Месрар 34 – Эрик 2, Коэлью 19, 22, Зики Те 39.
Екі құрама 26 қыркүйекте Андижанда кездеседі. Матч 20:00-де басталады.
Осылайша екі құрама әлем чемпионатында үшінші рет жолыққалы отыр. 2015 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Португалияны 3:1 есебімен жеңсе, 2021 жылы әлем кубогінің жартылай финалында португалдықтардың мерейі үстем болған, есеп – 3:2 (пенальти сериясынан кейін).
Еске салайық, Қазақстан Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші орын алып плей-офф кезеңіне шықты. Кака шәкірттері үш матчтың екеін жеңіп, бірінде тең ойнаған.
