Футболшы төрешіні соққыға жығып, сонан соң өз-өзін атып тастады

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
19.07.2023 18:20
1592
Аргентинада әуесқой футболшы адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған соң өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уильямс Александр Тапон ойын кезінде төрешіні соққыға жығып, салдарынан ол есінен танып қалған. Төреші тез арада ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз:
Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, 24 жастағы спортшыға қасақана адам өлтіруге оқталды деген айып тағылды. Бұл қылмыс үшін 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқиғадан соң араға бірнеше күн салып Тапонның денесі Буэнос-Айрес маңындағы үйінен табылды. Әйелінің сөзіне қарағанда, ол басына оқ атып көз жұмған.
Футболшының артында екі баласы қалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті