Жаңалықтар

Футболшы Георгий Жуков Қазақстан құрамасына шақыртылуы мүмкін

Футболшы Георгий Жуков Қазақстан құрамасына шақыртылуы мүмкін
Фото: instagram.com/georgyzhukov10 15.08.2023 22:37 944

Қытайдың "Цанчжоу" клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қазақстан құрамасына оралуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясы мен құраманың бапкер штабы Жуковты қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақыру жағын қарастырып жатыр.

Былтыр ол құрамаға Қытайдағы карантинге байланысты келе алмайтынын айтқан. Осыдан соң Магомед Адиев былай деген:

Ол құраманы өзінің карантинінен де төмен қойды.

Футболшының сөзі бапкердің ашуын келтірсе керек, оны бір де бір ойынға шақырған жоқ.

Дегенмен Жуков ұлттық құрамаға оралуға дайын секілді. Федерация басшылығы мен бапкерлер осы мәселе жағын талқылайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға