Футболдан биылғы жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлем чемпионаты финалдық сатысына берілген соңғы жолдамаға Коста-Рика құрамасы ие болды. Құрлықаралық өтпелі ойында олар Жаңа Зеландияны 1:0 есебімен сүріндірді. Осылайша дүбірлі додада бақ сынайтын барлық құрама анықталды.
A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды;
B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс;
C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша;
D тобы: Франция, Дания, Тунис, Австралия;
Е тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика;
F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия;
G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун;
H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.
Әлем чемпионаты биылғы 21 қараша мен 18 желтоқсанда Катар мемлекетінде өтеді.
