Футболдан төрт дүркін әлем чемпионы қайтыс болды
Фото: GABRIEL BOUYS | AFP
Фото: GABRIEL BOUYS | AFP
08.01.2024 01:00
912
Аңыз футболшы және Бразилия құрамасының бас бапкері болған Марио Загалло 93 жасында өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Танымал бразилиялық – футбол тарихында төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз адам. Әлем біріншілігінде екі рет футбол ретінде (1958, 1962) және екі рет Бразилия құрамасының бас бапкері ретінде (1970, 1994) топ жарған.
Бұдан бөлек, Загалло баптаған құрама екі рет Америка кубогында (1997, 2004) және екі рет Конфедерация кубогында (1997, 2005) үздік шыққан.
Бразилия президенті Лула да Силва атақты футболшының қазасына байланысты елде үш күндік аза тұту жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысындағы ауданда жабық хоккей корты салынады
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды