Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Даниямен ойнайды
![Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Даниямен ойнайды Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Даниямен ойнайды](/storage/storage/element/2023/10/14/mainphoto/72487/1200xauto_KbACHwy6dFfOVXMEOJFzc9ymseH9mgGZt1GGy1lS.jpg)
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
14.10.2023 17:53
806
Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне жасап.
Матч бүгін түнде Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді және отандық Qazsport және Qazaqstan телеарналарында көрсетіледі.
«Н» тобындағы алты турдан кейін Қазақстан құрамасы - 12 ұпай, Дания құрамасы — 13 ұпай жинады. 26 наурыздағы алғашқы кездесулерінде біздің команда Данияны сенсациялық түрде 3-2 есебімен жеңді.

Бұл – біз үшін футболымыздың әлеуетін бүкіл Еуропаға тағы бір мәрте паш етіп, жастарымызды спортқа ынталандыруға мүмкіндік беретін маңызды матч. Футболшыларымызға барын салып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетулерін тілейміз, - деп, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев футбол құрама командасына сәттілік тіледі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)