Футболдан Қазақстан құрамасының жұлдызын түрік клубы сатып алады

Фото: instagram.com/kff_team
Фото: instagram.com/kff_team
10.08.2023 17:38
1322
Футболдан Қазақстан құрамасының жұлдызы Бахтиёр Зайнутдиновты жақын арада "Бешикташ" клубы сатып алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Инсайдер Озжан Гекменнің мәліметінше, Стамбулдық клуб мәскеулік "ЦСКА"-мен ойыншыны сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздер аяқталуға жақын.
"Бешикташ" "ЦСКА"-мен Бахтиёр Зайнутдинов бойынша келіссөздерді аяқтады. Ресей клубы ойыншыны 6,5 миллион еуроға сатқысы келгенімен, түрік клубы қазақстандық ойыншы үшін тек 5 миллион еуро төлей алатынын ескертті, -деп хабарлайды журналист өзінің Twitter-аккаунтында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда компьютерлік клубтардан ұрлық жасаған адам ұсталды