Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне көлік сыйға берілді

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне көлік сыйға берілді
Фото: instagram.com/magomedadiev 25.11.2023 20:37 1033

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бапкер әлеуметтік желіде хабарлап, бағалы сыйлыққа алғысын жеткізді.

Бапкер және команда ретінде жанкүйерлер алдында тиісті межені орындамағанымызды білемін, тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз – футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз.

Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ. Сенім мен қолдау үшін барлығыңызға алғыс, - деп жазды Магомед Мұсаұлы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Magomed Adiev (@magomedadiev)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіне тікелей жолдама ала алмағанымен, наурызды Ұлттар лигасы арқылы тағы да бағын сынап көреді. Алғашқы қарсыламыз Грекия құрамасы болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға