Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореяға қарсы ойнайды

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ
15.02.2025 09:33
516
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасына қарсы ойнайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Кореямен кездесу 17 ақпан күні Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетерлігі, КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.
Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да жер сілкінді