Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде сегіз сатыға жоғарылады

Фото: instagram.com/kff_team
Фото: instagram.com/kff_team
29.06.2023 17:47
1026
FIFA жариялаған жаңа рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі бүгін, 29 маусымда шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.
Айта кетейік, қазақстандық футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді