Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 наурыз күні басталады

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 наурыз күні басталады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.02.2025 11:41 544

Футболдан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл доп додасына барлығы 14 команда қатысады. Олардың қатарында «Қайрат» (Алматы), «Астана», «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Елімай» (Семей), «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ұлытау» (Жезқазған) командалары бар.

Алғашқы тур 1-2 наурыз күндері өтеді. Бұл турда «Қызылжар» мен «Жетісу», «Астана» мен «Қайрат», «Ордабасы» мен «Ақтөбе», «Тұран» мен «Оқжетпес», «Атырау» мен «Елімай», «Қайсар» мен «Жеңіс», «Тобыл» мен «Ұлытау» кездеседі. Соңғы тур ойындары 26 қазанға белгіленген.

Биыл елімізде футбол шымылдығын Қазақстан суперкубогындағы «Ақтөбе» мен «Қайрат» ойыны ашады. Бұл кездесу «Астана-Арена» стадионында өтеді.  

Былтыр Қазақстан чемпионатында алматылық «Қайрат» бас жүлдені жеңіп алса, «Астана» екінші, «Ордабасы» үшінші орын алды. Қазақстан кубогына «Ақтөбе» командасы қол жеткізді.

Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы 17 ақпанда Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға