Футболдан еурокубок ойындарына қатысатын Қазақстан клубтары белгілі болды

Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
05.11.2023 15:27
871
Келесі жылғы маусымда футболдан Қазақстанның намысын еурокубокте қорғайтын командалар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттік "Ордабасы" клубы Еуропа чемпиондар лигасының 1 іріктеу кезеңінен өз ойындарын өткізуді бастайды. Ал қостанайлық "Тобыл" Еуропа лигасының 1 іріктеу кезеңінде алғашқы матчтарға қатысады. "Астана" Конференция лигасының 2 іріктеу кезеңіне жолда алып отыр. "Ақтөбе" конференция Лигасының 1 іріктеу кезеңінен бастап өз мүмкіндігін сынамақ.
ҚПЛ осы маусымы қорытындысы бойынша 4-орын алған “Қайрат” екінші жыл қатарынан еурокубоктен тыс қалып отыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды