Футболдан еліміздің жастар құрамасы испандарға есе жіберді

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының үшінші турында елордада Испаниямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қазақстандық жастар В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Испания, Венгрия, Шотландия, Мальта және Бельгия құрамалары.
Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық футболшылар қарсыласына лайықты деңгейде төтеп беруге тырысты. Испаниялық жастардың шабуылына тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығуға көңіл бөлді.
Ойынның 11-минутында испаниялық Фермин Лопес Мартин есеп ашып кетті. Бірінші кезеңде бұдан кейін гол соғылған жоқ.
Екінші кезеңде испаниялық клубтан Диего Лопес - 54, Фран Перес - 56, Саму Омородион 90-минутта мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
