Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін үш кездесу өтеді
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирден көрсетіледі.
Фото: Getty/Alexander Hassenstein
Фото: Getty/Alexander Hassenstein
21.11.2022 14:01
1592
Катарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде үш кездесу белгіленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
А тобында Сенегал - Нидерланды кездесуі елорда уақытымен 22:00- де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ, бүгін В тобында бірінші ойын Англия мен Иран арасында болады. Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған топтағы тағы бір кездесу АҚШ пен Уэльс арасында елорда уақытымен 01:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қытай Төрағасы Президентке құттықтау жеделхатын жолдады