Жаңалықтар

Футболдан 2022-23 маусымдағы Қазақстан премьер-лигасы аяқталды

Футболдан 2022-23 маусымдағы Қазақстан премьер-лигасы аяқталды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 29.10.2023 22:30 1051

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы турда екінші, үшінші орынға ие болған және бірінші лигаға түсіп қалған үшінші командалар анықталды.

Шымкенттік «Ордабасы» клубы бір тур бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізген еді. Сондықтан соңғы турда екінші және үшінші орын тағдыры елордалық «Астана» мен «Ақтөбе» арасында шешілді.

Астаналық клуб сырт алаңда Қарағандының «Шахтерімен» шеберлік байқасты.

Кездесу барысында елордалық команда сапынан Владислав Прокопенко 25-минутта есеп ашса, қарағандылық Айдос Тәттібаев 55-минутта таразы басын теңестірді.

Ал «Ақтөбе» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуымен» кездесті.

Ойын барысында ақтөбелік командадан Шина 6, Максим Самородов 53, талдықорғандық командадан Анес Ружевич 32, 38-минутта мергендік танытты. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Нәтижесінде екінші орын «Астанаға» бұйырса, «Ақтөбе» үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының «Мақтаралы» сырт алаңда «Оқжетпес» командасымен кездескен еді. Екі команда үшін де бірінші лигаға түсіп қалу қаупі сейілген жоқ болатын. Кездесу барысында түркістандық клубтан Чарльстон 3-минутта есеп ашса, 93-минутта «Оқжетпес» ойыншысы Санат Жұмаханов есепті теңестірді.

Ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, көкшетаулық клуб турнир кестесінде он екінші орынды місе тұтты. Салдарынан олар «Каспий», «Ақсу» командаларымен бірге алдағы жылы бірінші лигада ойын ойнайтын болды.

Ал шымкенттік клуб сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» командасына 0:1 есебімен жол берді.

Бүгін «Қайрат» пен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірсе, өз алаңында «Ақсу» «Тобылға» 0:3, «Қызылжар» «Қайсарға» 0:1 есебімен есе жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға