Футболда жақын арада көк қағаздар пайда болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заманауи футболды тағы бір жаңашылдық күтіп тұр. Жақын арада төрешілер футболшыларға сары немесе қызыл қағаз ғана көрсетіп қоймай, оларды көк қағазбен де жазалайтын болады.
The Telegraph мәліметінше, мұндай қағаз алған ойыншы алаңнан небәрі 10 минутқа қуылады. Бұл жаза қарсыласына қарсы әдейі дөрекі ойнаған, төрешімен сөз таластырған ойыншыларға көрсетіледі.
Дегенмен жаңашылдық барлығына бірдей қатысты қолданылмайды екен. Әзірге көк қағаз әйелдер мен жастар футболында, сонымен қатар төменгі лигаларда сынақтан өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті