Футбол: Қазақстан-Финляндия матчының төрешілері белгілі болды

Фото: instagram.com/kff_team
Фото: instagram.com/kff_team
17.10.2023 06:24
1195
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Финляндия мен Қазақстан кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойын 17 қазаннан 18-не қараған түні елорда уақытымен 22:00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде босниялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Бас төреші — Ирфан Пельто, оған Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо көмекшілік жасайды.
Төртінші төреші — Милош Гигович.
Жеті турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде дара кәсіпкер ретінде тіркелу жеңілдетілді
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды