Жаңалықтар

Футбол: «Ордабасы» «Шахтерді» жеңді

Футбол:  «Ордабасы» «Шахтерді» жеңді
Фото: instagram.com/fc__ordabasy 23.10.2023 02:04 546

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында «Ордабасы» «Шахтерді» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы біріншіліктің чемпиондық тағдыры «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтёрдің» (Қарағанды) кездесуінде шешілді. Бұл ойында шымкенттік клуб кем дегенде тең түссе, бір тур бұрын чемпион атанатын еді.

Алғашқы минуттан шымкенттік клуб ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов – 4, Шахбоз Умаро – 12, Артем Беседин 27-минутта үш гол соғып үлгерді.

Оған «Шахтёр» сапынан Темур Чогадзе 47-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте чемпион болды. 

Футбол:  «Ордабасы» «Шахтерді» жеңді
instagram.com/fc__ordabasy

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға