Футбол: «Каспий» мен «Ақтөбе» тең түсті

Фото: El.kz/Артем Чурсинов
Фото: El.kz/Артем Чурсинов
31.07.2023 03:34
837
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған турдың екінші ойын күнінде «Атырау» өз алаңында Талдықорған облысының «Жетісу» командасына 0:1 есебімен жол берді.
Ал Ақтаудың «Каспийі» мен «Ақтөбе» 2:2 есебімен тең түсті.
29 шілдеде «Ақсу» «Шахтерді» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, елордалық «Астана» Петропавлда «Қызылжардан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) ойыны 0:0 есебімен аяқталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті