Футбол: «Елімай» мен «Тұран» Премьер-лигаға шығуы мүмкін

Футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатында Семейдің «Елімайы» мен Түркістанның «Тұраны» Премьер-лигаға шығуға жақындап келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістандық «Тұран» бүгін, 15 қыркүйекте сырт алаңда Шымкенттің «Қыран» командасымен кездесті.
Кездесу барысында түркістандық клуб қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде жағдайын жақсартып, екінші орында тұр. Осылайша алдағы жылы Премьер-лигада ойнауға жақындай түсті.
Ал Семейдің «Елімайы» биыл 21 кездесудің 19-да жеңіске жетіп, 2-де ғана тең нәтижеге қанағат білдірді. Сол арқылы турнир кестесінде бірінші орында келеді. Премьер-лигаға оралуға алдағы турда қол жеткізуі мүмкін.
Аталған турда «Елімай» сырт алаңда «Екібастұзды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сондай-ақ бұл турда «Қайрат-жастар» «Астана -2» командасын 5:1, «Жеңіс» «Түркістанды» 2:1, «Оңтүстік академиясы» «Таразды» 4:0, есебімен тең түссе, «Арыс» пен «Жас Қыран», «Хан тәңірі» мен «Ақтөбе-2» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
