Жаңалықтар

Футбол: «Астананың» чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыласы анықталды

Футбол: «Астананың» чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыласы анықталды
Фото: instagram.com/fca.astana 24.07.2023 22:51 694

Қазақстандық «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасы үшінші сатысындағы ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық клуб екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасын жеңген жағдайда үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен кездеседі.

Ал «Динамоға» есе жіберген жағдайда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Лудогорец» (Болгария) / «Олимпия» (Словения) жұбының жеңілген командасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, елордалық команда қазірге дейін бірінші іріктеу сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасын (2:1, 1:1) шаң қаптырды.

Енді шілденің 25-нен 26-на қараған түні және 2 тамызда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен ойнайды.

Сондай-ақ, бүгін қазақстандық «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларының UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға